«Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – азаматтық борыш» тақырыбында өткізілген айлық » «Жетісу облысы Білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қоңыр орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қоңыр орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72837) 4-95-48
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – азаматтық борыш» тақырыбында өткізілген айлық
11
сентябрь
2020

«Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – азаматтық борыш» тақырыбында өткізілген айлық




«Қоңыр орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» 

коммуналдық мелекеттік мекемесі

«Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – азаматтық борыш» тақырыбында өткізілген айлықтың  іс- шаралар жоспарына 

МӘЛІМЕТ

11.09.2020 жыл   «Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – азаматтық борыш»тақырыбында өткізілетін айлықтың іс-шаралар жоспарын 11қыркүйекте  бекітілді.

21.09. күні «Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – азаматтық борыш» тақырбында өткізілетін айлық әр сыныпта ҚР-ның Гимнін орындауылымен басталды.
 Айлықта 1-4 сынып аралығында «Рәміздерім – айбыным», 5-9 сынып аралығында «Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері және оны құрметтеу және 10-11 сынып аралығында «Мемлекеттік рәміздер – мақтанышым» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.

08.10. 8-9-сыныптар арасында «Мемлекеттік рәміздер-ұлт мақтанышы» тақырыбында қашықтықтан шығарма байқауы өтті. Байқауға 8-9-сынып оқушылары қатысты. 

Байқаудың өткізу мақсаты: оқушылардың бойына мемлекеттік рәміздерді құрметтеу басты парыз екенін ұғындыру және патриоттық сезімді қалыптастыру.Шығарма жазу барысында оқушылар өздерінің ойларын жан-жақты жеткізіп, жазу емлесіне сай таза, орфографиялық норманы сақтай отырып, көркем тілмен жазып шықты.Оқушылар шығарма жазуда әрбір рәміздің ерекшеліктеріне тоқтала отырып, өздерінің еліміздің нышандарын қаншалықты қастерлейтіндіктерін байқатты.

Байқау барысында оқушылардың жұмыстарын іріктей келе, «Мемлекеттік рәміздер-ұлт мақтанышы» тақырыбы төмендегідей нәтиже көрсетті.

І орын 8-сынып оқушысы Ерикова Мархабат

ІІ орын  9-сынып оқушысы  Оразиман Ислам

ІІІ орын 8-сынып оқушысы Ыбырайым Назия

   15.10.күні ҚР мемлекеттік рәміздерінің шығу тарихын білу.Осы мәселе бойынша 1-4 сынып оқушылары арасында ҚР мемлекеттік рәміздерінің шығу тарихы бойынша білім-білік дағдылары тексерілді. Оқушылардың ҚР мемлекеттік рәміздерінің шығу тарихынжетік меңгергендері анықталды. Аталған жұмыс жалғастырылуда.

Айлықтың  ішінде кітапханада «Рәміздерім-мақтанышым» атты кітап көрмесі барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді. Көрмеге 1-11сынып оқушылары қатысты ,әр сынып белгіленген күні бойынша қатысты.




Мекен жайымыз
040227, Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Ақжар ауылдық округі Қоңыр ауылы Бейбітшілік көшесі,79/А
040227, Жетысуская область, Алакольский район, Акжарский сельский огруг, с. Коныр, ул. Бейбітшілік,79/А
©2016-2022, Ресми сайт Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Қоңыр орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2022жыл
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru