«1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні» » «Жетісу облысы Білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қоңыр орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қоңыр орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72837) 4-95-48
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні»
19
ноябрь
2020

«1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні»

«1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні» тақырыбында өткізілген 

іс- шаралар жоспарына

МӘЛІМЕТ

2020 жылдың 19 қарашасында «1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні» 

мерекесіне арналған іс-шара жоспары бекітілді.

25-27 қараша аралығында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен 

Аудан көлемінде Тұңғыш Президент күнін мерекелеу, Елбасының Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін насихаттау, мақсатында аудан жастары арасында өткізілген 

«Елбасы- ел тірегі ұлт мақтанышы» атты  жас ақындар мүшәйрасына 11 а сынып  оқушысы Сәметай Меруерт қатысып I орын иеленді.

23.11.Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы – Н.Ә.Назарбаевтың елдің қалыптасуы мен дамуындағы және оның халықаралық беделін нығайтудағы басты рөлін идеологиялық негізге ала отырып, мектеп, балабақша ауласы мен айналасының көріктендірілуі мен мерекелік безендірілуі қамтамасыз етілді.

26-27 қараша «Елбасы күні – елдікке құрмет» тақырыбында Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған мерекелік онлайн концертке сынып жетекшілер бейнероликтер дайындады және де ватсап әлеуметтік желісіндегі ата-аналар чатына жіберілді, инстаграмм әлеуметтік желісіне жарияланды.

20-27.11.2020 жыл Мектеп, балабақша кітапханаларында «Елбасы – кемеңгер көшбасшы» тақырыбында кітап  көрмелері ұйымдастырылды. 

 «1 желтоқсан- Тұңғыш Президент күні»  күніне кітап көрмесі болып, Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелейді. Оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастырады. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Нұрсұлтан Әбішұлы ерте есейді. Орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрлысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ Қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург-жұмысшы мамандығын меңгерді. Шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.   Президент біз үшін ұлы тұлға. Біз Елбасымен мақтана аламыз. Мақтай да аламыз. 

25-27 қараша Білім беру ұйымдарында 1-4, 5-11 сыныптарда, балабақша тәрбиеленушілеріне «Менің тұңғыш Президентім», «Ел ертеңін ойлаған Елбасы» атты сынып сағаттары өткізілді, қабырға газеттері ілініп, оқушылардың шығармашылық бұрышына қолөнер бұйымдарынан көрме өткізілді.

30-шы қарашада«Ақерке» шағын орталығында ашық тәрбие сағаты  өтілді .Тәрбие сағатының тақырыбы «Елін сүйген Президент» .Мақсаты: Балаларға еліміздің Президентін, рәміздерімізді таныстыру. Өз Отанын, туған жерін сүюге, қорғауға, сақтауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Мәнерлеп тақпақ айтуға үйрету. Балаларға еліміздің тұнғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы мағлұмат берілді, рәміздер туралы түсінік берілді.Балалар елбасымызға арнап тақпақтарын айтты.Балалар дидактикалык ойын   ойнады.  Ойынның мақсаты: Балаларды шығармашылыққа, жылдамдыққа үйрету.Балалармен  сергіту сәті болды.Балалар кызығушылықпен сабақты тыңдады.Күтілетін нәтиже: балалар елбасын  және елбасы күнін,рәміздерді кұрметеуді білу керектігі басты назарға алынып,әр тәрбиеленушінің не түсінгені,елбасы кім екенін айтуына ықпал жасалынды.

20-30 қараша «Еліміздің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу мен сақтаудағы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының рөлі» тақырыбында қашықтықтан интернет-байқау (11-16 жас аралығындағы оқушылар эссе жазды)

1Желтоқсан-Тұңғыш Президент күніне орай  7-11-сыныптар арасында  «Еліміздің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу мен сақтаудағы            ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасының рөлі»  тақырыбында эссе байқауы өткізілді. Байқауға аталған сынып оқушылары қамтылды.     Оқушылар эссе жазуда еліміздің Тұңғыш Президенті 

 Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның тәуелсіз, егемен ел болып қалыптасуына сіңірген еңбегін,  Елбасымыз осы 30 жылға жуық уақытта Қазақстанның әлемге танылуына зор үлес қосқанын, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік тұғырының беріктігі мен елдігіміздің тұтастығы Елбасымыз, егеменді еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасы екендігін жазып, өз ойларын мағыналы жеткізе білді.

Жазылған эсселерді тексере  келе, төмендегідей көрсеткіш көрсетті:

І орын-10а сынып оқушысы Таурбаева Гүлдария

ІІ орын-   10-сынып оқушылары Есімхан Дариға, Төлеу Данияр

ІІІ орын- 9-сынып оқушысы Серікқажы Фархад пен 8-сынып оқушысы Ерикова Мархабат иеленді.

І орынды иеленген 10-сынып оқушысы Таурбаева Гүлдарияның жұмысы «Еліміздің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу мен сақтаудағы 

 ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасының рөлі»  тақырыбындағы республикалық интернет-байқауына жіберілді.









Мекен жайымыз
040227, Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Ақжар ауылдық округі Қоңыр ауылы Бейбітшілік көшесі,79/А
040227, Жетысуская область, Алакольский район, Акжарский сельский огруг, с. Коныр, ул. Бейбітшілік,79/А
©2016-2022, Ресми сайт Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Қоңыр орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2022жыл
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru